18 желтоқсан күні кейбір өңірлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін.


Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды циклонның әсерінде екенін айтады. Соған байланысты бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, жауын-шашын түсуі ықтимал. Таулы аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің екпіні секундына 15–20 метр жылдамдықпен сақталады. Кей жерлерде 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

Келесі күндері ауа райының температуралық фоны өзгереді:

Батыс өңірлерде түнде 3–18 градустан 0–5 градусқа дейін, күндіз -5 градустан +3 градусқа дейін болады.

Солтүстік-батыс өңірінде түнгі температура 7–23 градустан 0–15 градусқа дейін, күндіз -3–15 градустан 0–5 градусқа дейін өзгереді.

Солтүстік және орталық өңірлерде түнде 15–23 градустан -5–15 градусқа дейін, күндіз -10–18 градустан -3–8 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыс өңірлерде түнгі температура 12–28 градустан -7–20 градусқа дейін, күндіз -7–18 градустан -5–15 градусқа дейін болады.

Оңтүстік өңірлерде түнгі температура 3–20 градустан -3–12 градусқа дейін, күндізгі негізгі фон -0–8 градус.

Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз 0–5 градус шамасында, ал таулы аймақтарда -8–13 градусқа дейін болады.

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райын ескеруге кеңес береді.