Жәбірленуші әлеуметтік желіде танымал компаниялардың бірінің бағалы қағаздарына инвестиция салу туралы жарнамаға сенген.


Желідегі жарнама сенімді көрініп, еш күмән тудырмаған. Сондықтан сілтеме арқылы өтіп, сайтқа тіркелгеннен кейін ер адаммен өзін компанияның "менеджерлері" ретінде таныстырған адамдар байланысқа шығады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алаяқтар психологиялық тәсілдерді пайдаланып, жоғары табыс уәде еткен алаяқтар жәбірленушіні 13 миллион теңге инвестиция құюға көндірген. Алайда ешқандай пайда түспеген.

Біраз уақыт өткен соң ғана ер адам мұқият ойластырылған алаяқтық сызбаның құрбаны болғанын түсініп, Талдықорған қаласының полиция басқармасына жүгінген.

Тергеумен киберқылмыстарды тергеу жөніндегі тергеу бөлімінің қызметкерлері айналысқан. Тергеуші Азамат Жанатұлының басшылығымен қысқа мерзім ішінде ұрланған қаражатты алуға қатысы бар дропперлер анықталды.

Полицияның үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде ұрланған барлық ақшалай қаражат заңды иесіне толық көлемде қайтарылды.