Қылмыстық іс қозғалды.
Сейсенбі күні таңертең Мәскеу облысындағы Горки-2 кентінде жасөспірім мектепке шабуыл жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, жасөспірім білім ордасының ішінде бұрышты газ баллонын шашып, кейін мектеп күзетшісін және 4-сынып оқушысын пышақтаған. Бала алған жарақатынан көз жұмды. Шабуыл жасаған 15 жастағы оқушы аталған мектепте білім алады. Ол ұсталды. Ресейдің тергеу комитеті кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Бүгін сағат 9:00-де полицияға мектеп оқушысының күзетшіні пышақтап, газ баллонын шашқаны, кейін 10 жастағы оқушыға пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат келіп түсті. Бала алған жарақатынан көз жұмды", – деп хабарлады Мәскеу облысының полициясы.
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті өз кінәсін мойындады.
ТАСС агенттігінің жазуынша, оқиға Успен жалпы білім беретін рта мектебінде болған. Білім ордасы Мәскеу облысының батыс бөлігінде, Мәскеумен шектесетін Одинцово ауданының Горки-2 кентінде орналасқан. Мұнда мыңнан астам оқушы білім алады.
Жедел қызметтер оқиға орнына келгеннен кейін оқушылардың бір бөлігі көршілес Жастар үйіне эвакуацияланды.