Жергілікті биліктің ұсынысы "Ашық НҚА" порталына жарияланды.
Құжатта Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын қатты жел жұлып әкетуіне байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау жоспарланып отырғаны жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қонаев қаласында қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары зақымдануына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланады", – делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.
Төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда қала билігіне келесі жұмыстарды жедел жүргізуге мүмкіндік туады:
- тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын қалпына келтіру;
- істен шыққан көше жарығы тіректерін ауыстыру;
- темірбетон тіректер мен электр желілерін жөндеу.