Биыл Қазақстан мұнай экспорттау мен газ өндірудің жылдық жоспарын ойдағыдай орындады. Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-Есепті кезеңде мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,1% болды. 11 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 73,4 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,1%, — деді вице-министр.
Айтуынша, биылғы жоспар 70,5 млн тонна мұнай экспорттау болған көрінеді.
-Есепті кезеңде 62,8 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,7%. Биылғы 62,8 млрд текше метр көлеміндегі газ өндіру жоспары да орындалды. Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,8 млн тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,8%. Ел аумағы арқылы газ транзитінің көлемі 64,5 млрд текше метр болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің 100,9%-ы, — деді Сұңғат Есімханов.