2025 жылғы қарашада Қазақстанда 25 804 жеңіл автокөлік пен коммерциялық техника сатылды. Бұл – тарихи рекорд. Жыл басынан бері отандық дилерлер 207 616 жаңа автокөлік өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстанның Автокөлік Одағы" дерегінше, қарашада ең көп сатылған маркалар рейтингінде Chevrolet 7 777 автокөлікпен көш бастап, Hyundai-ды (5 261) басып озды. Kia дилерлері 1 990 автокөлік сатты, Jetour — 1 326. Бесінші орында Toyota (1 252). Алтыншы – Chery (1 123), жетінші — Haval (1 091). Үздік ондықты Changan (1 006), Geely (828) және Jac (597) толықтырды.
Қараша айындағы ең танымал модельдер: Chevrolet Cobalt (7 105), Hyundai Tucson (1 945) және Kia Sportage (1 320). Төртінші орында — Hyundai Mufasa (1 019). Одан кейін: Hyundai Elantra (907), Haval M6 (641), Hyundai Santa Fe (614), Chevrolet Onix (609), Changan CS55 Plus (498) және Hyundai Sonata (487). Үздік ондыққа енген барлық модель Қазақстанда өндірілген.
11 ай қорытындысы бойынша брендтер арасында Hyundai көш бастап тұр (45 220). Екінші орында — Chevrolet (33 486), үштікті Kia түйіндеді (21 481).
Jetour төртінші орында (13 012 кроссовер). Бесінші — Chery (12 518), алтыншы — Haval (10 424). Одан кейінгі орындарда: Changan (10 131), Toyota (10 075), Geely (9 020) және Jac (8 787).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз