Жуырда ғана допинг дауына іліккен Дулат Бекбауов кәсіпқой бокс кешіне қатысады. Ол 20 желтоқсан күні Алматыта өтетін жекпе-жек кешінде қатыспақ. Орта салмақта өнер көрсететін Дулат өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевпен жолығады.
Шымкенттік қыз-жігіттер Қазақстан Кубогын жеңіп алды. Астана қаласында бокстан жаңа форматтағы жарыстың финалдық кезеңі өтті. Жаңа форматта болғанда бұрындары осыған ұқсас ішкі біріншілік ұйымдастырылатын. Қазақстан бокс федерациясы резерв дайындығын күшейту, ішкі бәсекелестікті артыру және жастарға мүмкіндік ашу мақсатында оны жаңа форматта қайта жандандырды. Яғни алдымен аймақтарда іріктеу кезеңдері өткізілді. Бірнеше айға созылған жарыстар қорытындысы бойынша ең үздік төрт команда елордаға жиналып, өзара мықтыны анықтады. Яғни бас жүлдені Астана, Қарағанды, Шымкент және Маңғыстау облысының құрамалары сарапқа салды. Нәтижесінде Шымкенттен келген қыз-жігіттер жеңімпаз атанып, 80 мың доллар көлемінде сыйақы алды. Екінші орынға Астананың, үшінші орынға Қарағандының құрамалары тұрақтады. Сәйкесінше олар 40 мың және 20 мың доллардан иемденді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 150 мың долларды құрады. Алдағы уақытта Қазақстан Кубогы жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып, географиялық ауықмы мен қатысушылар санын ұлғайту жоспарланып отыр.
Жыл үздіктері марапатталды
Айбек пен Аида жыл үздігі атанды. Қазақсан бокс федерациясы жылды қорытындылап, жақсы нәтиже көрсеткен қыз-жігіттрерді марапаттады. Әсіресе ерлер арасында ең үздік боксшы атағы аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбайға берілді. Айта кетейік, ұлттық құраманың капитаны биыл Астанада өткен Әлем кубогында және Ливерпульде өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Ал әйелдер арасында бұл құрметке Аида Әбікеева лайық деп танылды. Қарағандылық қыз биыл Сербияда және Англияда өткен дүниежүзілік додаларда топ жарып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Дәл осылай жастар арасында Тимур Тайбеков пен Құралай Егінбайқызы, жасөспірімдер арасында Досжан Жұмахан мен Аяулым Оспанова, ал, кіші жасөспірімдер арасында Дамир Джаншиликов пен Жансая Ержан үздік деп танылды. Бұған қоса бір үйден қос әлем чемпионыны шығарған маман, яғни, Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырханның жеке бапкері Ілияс Оралбеков жылдың үздік жаттықтырушысы деген сыйлықты иемденді.
Командалық әлем чемпионаты өтеді
Әуесқой бокстағы әлемдік аламандардың қатары тағы біреуге артты.Умар Кремлев басқаратын халықаралық бокс қауымдастығы алдағы жылдан бастап командалық әлем кубогының іске қосады. Бұл жөнрінде ұйым басшысының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. «Келесі жылдан бастап IBA, яғни, халықаралық бокс қауымдастығы бокстан командалық әлем кубоктарын өткізе бастайды. Әр ұлттық құраманың сапында жеті боксшы болады. Ал жүлде қоры 10 миллион доллардан асады. Командалық әлем кубогы екі жылда бір рет өтеді», — деді Умар Кремлев.
Айта кетейік, жуырда ғана дәл осы ұйымның жетекшілігімен Біріккен Араб Әсірліктерінде әлем чемпионаты өтті. Ол жерде де рекордттьық деңгейдегі сыйақы қойылды. Яғни жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 8 млн доллардан аса қаржы таратылды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста 3 алтын, 1 күміс және 2 қола жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.