Астанада Тәуелсіздік күніне орай азаматтардың жекелеген санатына біржолғы ақшалай әлеуметтік төлем қарастырылған. Бұл әлеуметтік көмек 1986 жылғы 16-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына көрсетіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне (16 желтоқсан) орай, “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” ҚР Заңына сәйкес ақталған, 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан саяси қуғын-сүргін құрбандарына 60 АЕК мөлшерінде біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көзделген».

Біржолғы ақшалай әлеуметтік төлемді қала әкімдіктері жүргізіп жатыр:

Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге

Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге

Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сомма берілмек.

Алматы қаласында – 250 мың теңге

Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.