Аустрияның Хохфильцен қаласында биатлоннан Әлем кубогының екінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілдері ерлер арасындағы 4×7,5 шақырымдық эстафетаға қатысты.

Никита Акимов, Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Кирилл Бауэрден құралған қазақстандық құрама мәреге 19-шы жетті.

Эстафетада жеңісті Норвегия құрамасы иеленді. Франция екінші орынға тұрақтаса, үздік үштікті Швеция құрамасы түйіндеді.