Биылдың өзінде елде 93 мыңнан астам білім гранты бөлінді. Көрсеткіш жылдан жылға ұлғайып келеді.
Студенттердің шәкіртақысы кейінгі бес жылда екі есе өсті. Сондай-ақ биыл 29 жатақхананың қадасы қағылып, соның 15-і қолданысқа берілді. Осылайша, 2018 жылдан бері жатақхана тапшылығы 72,5 пайызға қысқарды. Елдегі 30 жоғары оқу орнында жастарды жасанды интеллект бойынша оқыту басталды. AI-Sana бағдарламасы іске қосылып, 569 мың студент озық технологиялар бойынша тегін білім алды.