2025 жылғы 15 желтоқсанда Бразилияның оңтүстігіндегі Гуайба қаласында күшті дауыл 24 метрлік "Еркіндік" мүсінінің көшірмесін құлатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мүсін 2020 жылы орнатылып, инженерлік тексеруден өткен болатын. Постаментпен бірге оның жалпы биіктігі 35 метрді құрағаны Free Press Journal хабарлады.
Оқиға Havan үлкен дүкенінің алдындағы автотұрақта орын алды. Құлау кезінде мүсіннің басы мен факел ұстаған қолы сынған.
Желдің жылдамдығы сағатына 90 км жеткені хабарланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
WATCH: Replica of the Statue of Liberty topples due to strong winds in Guaíba, Brazil pic.twitter.com/pMxN7KLu5y
— BNO News Live (@BNODesk) December 15, 2025
Дүкен өкілдері аумақты дереу оқшаулап, барлық қауіпсіздік шаралары қолданылғанын айтты.
Гуайба қаласының мэры Марсело Мараната оқиғаны өз Instagram парақшасында растады: "Қауіпсіздік шараларының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ", – деп жазды ол.
Сол күні Мексикада жеке ұшақ апатқа ұшырағаны да хабарланды.