Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және көлік инфрақұрылымы нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көліктегі полиция департаменті 11–13 желтоқсан аралығында республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды.


Іс-шара барысында 1200-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Көлік полицейлері 13 қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты тіркеп, олардың 12-сін дереу ашты. Сонымен қатар іздеуде жүрген 12 адам ұсталды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше көңіл бөлінді: 1245 азамат жауапкершілікке тартылды.

Ең көп тіркелген құқық бұзушылықтар – қоғамдық орындарда тиісу (108 факт) және алкогольдік ішімдіктерді ішу мен қоғамдық орындарға мас күйінде келу (96 факт). Түнгі уақытта көлік нысандарында заңды өкілдері жоқ 24 кәмелетке толмаған анықталып, олардың 14-і бейімдеу орталығына орналастырылды.

Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзу деректері де тіркеліп, 49 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында іс-шараға кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері тартылып, қызметтік-іздестіру иттерімен патрульдеу жүргізілді.

Көліктегі полиция департаменті көлік нысандарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жұмыстарын жалғастыра береді.