Оның биіктігі 35 метрге жетеді.


Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы Гуайба қаласында Бостандық мүсінінің көшірмесі құлады. Оқиға 15 желтоқсан күні қатты дауыл кезінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

G1 басылымының жазуынша, мүсіннің биіктігі 24 метр болатын жоғарғы бөлігі құлаған, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы қала мэрі Марсело Маранатана мәлімдеді. Оқиға орны қоршауға алынған. Алдағы бірнеше сағат ішінде құрылыс бригадасы зақымданған құрылымды бөлшектеуге кірісетіні белгілі болды.

Оқиғаға қолайсыз ауа райының жағдайлары себеп болған. Өңірде желдің екпіні сағатына 90 шақырымнан асқан. Осыған байланысты алдын ала ескерту жарияланған болатын.