Қонаевта 16 желтоқсаннан бастап қатты жел салдарынан техногенді сипаттағы ТЖ режимін енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ашық НҚА порталында Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Алматы облысы әкімдігінің жобасы жарияланды.

"Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларының бұзылуына байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланады", — делінген құжатта.

Сонымен бірге құжатқа сай, мұндай шешімнің мақсаты Қонаев қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің шатырларын қалпына келтіру.

Айта кету керек, әкімдік жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні секундына 23-25 метрге дейін жеткен қатты боран салдарынан 30-дан астам апатты жағдай тіркелген. Табиғи құбылыстың салдары қала инфрақұрылымына әсер етіп, бірқатар нысандарда уақытша іркілістер орын алған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз