Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 519,61 теңгені құрады. Бұл алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 2,63 теңгеге төмендеген. Ұлттық банктің 15 желтоқсанға арналған ресми бағамы 522,38 теңге деңгейінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Айырбастау орындарындағы бағамдар келесідей:
Алматыда:
  • Доллар: орташа сатып алу – 516,81 теңге, сату – 519,84 теңге;
  • Еуро: 605,77 – 611,64 теңгеге дейінгі аралықта саудаланады.
  • Рубль: 6,47 – 6,59 теңгеге дейінгі аралықта.
Астана:
  • Доллар: сатып алу – 514,54 теңге, сату – 521,58 теңге.
  • Еуро: сатып алу – 601,72 теңге, сату – 611,72 теңге.
  • Рубль: сатып алу – 6,45, сату – 6,60 теңге.