Даңқты спортшылар – Геннадий Головкин мен Шавкат Рахмонов Көкшетауда кездесті. Олардың кездескен сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы kokshetautoday парақшасында жарияланды.

Белгілі болғандай, танымал спортшылар Көкшетаудағы жаңа спорт кешенінің ашылуына келген.

"Спорт аңыздары Шавкат Рахманов пен Геннадий Головкин жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне келді", — делінген жазбада.

Аңыз спортшыларды бірге көрген желі қолданушылары жылы лебіздерін жаудырды.

"Батырлар! Жарайсыңдар, жігіттер!", "Керемет, біздің сүйікті спортшыларымыз Көкшетауда", "Гена, Шавкат керемет", "Біздің чемпиондарымыз", "Қазақстанның мақтаныштары", "Батырлар Көкше өңіріне келіп қуантып жатыр!" — деп жазды желі оқырмандары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кокшетау (@kokshetautoday)

Сондай-ақ желіде жарияланған видеодан еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловты және Қаржы министрі Мәди Тәкиевті байқауға болады.

Бас прокуратураның мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласында "Көкше Арена" спорт кешені ашылған.

Іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Берік Асылов спорт кешенінің пайдалануға берілуі мемлекет басшысының активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау аясындағы жұмыстың нәтижесі әрі "Әділетті Қазақстанды" құруға бағытталған жүйелі саясаттың бір бөлігі екенін атап өткен.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз