2025 жылғы 14 желтоқсанда әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің командасы өнерпаздың жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен сүйіншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Таратылған ақпарға сүйенсек, келесі жылы Димаштың қатысуымен тарихи әлемдік премьера өтеді деп жоспарланып отыр.

"2026 жылғы 18 сәуірде Будапешт қаласында тарихи әлемдік премьера өтеді: Пласидо Доминго, Степан Хаузер және Димаш Құдайберген алғаш рет бір сахнада, көпшілік алдында бірге өнер көрсетеді", – делінген "Virtuosos" шоуы мен Димаштың командасының бірлескен жарияланымында.

Белгілі болғандай, бұл үштіктің концерті Будапешттегі аңызға айналған MVM Dome аренасында өтеді. Билеттер сатылымға шығарылған.

"Будапешт сіздерді күтеді", – деп атап өтті "Virtuosos" шоуы мен Димаштың командасы Пласидо Доминго, Степан Хаузер және Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне үндеу жасай отырып.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от VIRTUOSOS