Блогер, актриса Айшолпан Байтүгел бұған дейін өзінің сырт келбеті үшін кекетіп, мұқатқандар туралы айтып, жылаған еді. Актриса көпшілікке адам танымастай өзгерген образын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, бұған дейін актриса өзінің желідегі парақшасында сырт келбетіне қатысты әлдекімдер сын айтқанын, салдарынан өзіне деген сенімділігі төмендегенін айтқан еді.

Актриса сол үшін жылап, тіпті желіге сол видеосын жүктеген еді.

Енді блогер образын адам танымастай өзгертіп, елдің қызу талқысына түсіп жатыр.