2025 жылғы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Якорь ауылындағы құс фабрикасы қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Өңірдегі ТЖД мәліметіне сүйенсек, фабрика аумағындағы конвейер таспасы жанып, артынша өрт ғимараттың шатырына ауысқан. Бұл уақытта, оқиға орнына бірінші жеткен өрт сөндірушілер шатырдың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД (@112sko)

Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді, бұл өрттің одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Жезқазғанда түтін басқан көпқабатты тұрғын үйден тоғыз адам эвакуацияланғаны хабарланған болатын.