18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ, Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.