"Қазгидромет" РМК 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астанада 15 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Қонаевта 15 желтоқсанда тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында 15 желтоқсанда кей уақытта тұман түсіп, таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Павлодарда 15 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауады, бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Түнде Абай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, ораталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында аздап жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұста 23 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында қар жауады. Түнде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа, кей тұстарда 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.

Түнде және күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ, жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Түнде және күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа, облыстың орталығында 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қар жауады, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман түседі.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз