Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райы салдарынан 16 мыңнан астам абонент электр жарығынсыз қалды. Қазіргі уақытта үзілген электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
БҚО энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпаратына сәйкес, қатты боран соғып, салдарынан облыстың 5 ауданында 63 елді мекенде электр желілеріне зақым келген. Қолайсыз ауа райына орай Жәнібек ауданында 12, Бөкей ордасында 18, Тасқалада 8, Казталовта 16, Бәйтеректегі 9 ауылда және Оралда электр жарығы сөнді.
14 желтоқсанда 15.00-дегі мәлімет бойынша 16 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған. Басқарма мәліметінше, өңірде газбен қамту желілері бойынша жағдай тұрақты.
Қазіргі таңда Орал қаласында Зачаган кентінде жарық жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз