Беларусь еліне 123 саяси тұтқын бостандыққа шықты. Шешім Беларусь президенті Александр Лукашенконың АҚШ президентінің арнайы өкілі Джон Коулмен кездесуінен кейін жарияланды.

Амнистияға іліккендер – тыңшылық, терроризм және экстремизм бойынша сотталғандар. Олардың қатарында Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкий, бұрынғы президенттікке үміткер Виктор Бабарико және оппозицияның жетекшілерінің бірі – Мария Колесникова бар. Батыстың калийлі тыңайтқыш өндіретін кәсіпорынға салынған санкцияны алып тастауына байланысты осындай келісім жасалды.