Атырау облысында оқушыларды оқыту онлайн форматқа ауысты. Бұл өзгерістер өңірде ауа райының күрт нашарлауына байланысты енгізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, желдің күшеюі мен ауа райының нашарлауына байланысты Атыраудың барлық мектептері қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Бұл шешім Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
"Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Қауіпсіздік мақсатында Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын онлайн сабақ форматына көшіру керек", — деді облыс әкімі.
Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысында циклон жүріп, ауа райы күрт бұзылды. Барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Қолайсыз ауа райына байланысты өңірде жедел штаб құрылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз