Сидней қаласында Bondi Beach жағажайында атыс салдарынан кемінде 10 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды.


Бұл ақпаратты жергілікті The Sydney Morning Herald басылымы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, атыс еврейлердің Hanukkah мерекесі кезінде болды. 2 ер адам кемінде 50 рет атқан. Мерекеге шамамен 2 мың адам қатысқан.

Бейнежазбалардан көрінгендей, біреу шабуылдаушылардың бірін артынан келіп тоқтатқан. Полиция мәліметі бойынша, 1 шабуылдаушы оққа ұшып, екіншісі жараланып, ұсталған.

Қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, оқиға бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.