Желіде Астана-Фукуок рейсінің жолаушылары Астана әуежайында ұшақ ішінде бірнеше сағат отыруға мәжбүр болғаны және салонда ауа тар болғанына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тарады. Әуежай өкілдері бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға туралы Threads қолданушылары хабарлаған.
"Астана әуежайында төтенше жағдай салдарынан жергілікті уақыт бойынша сағат 22:40-та ұшуға тиіс Астанадан Фукуокқа баратын VJ64 рейсі ұзақ уақытқа кешікті. Қазіргі уақытта ұшақ бортында үш сағаттан астам уақыт бойы 400-ден астам жолаушы, оның ішінде балалар қалып қойып отыр. Жолаушылар осы уақыт ішінде ұшақтың ішінде қалып, терминалдан шыға алмай отыр", — деп жазды қолданушы.
Оның айтуынша, ұшақ салонында ауа тар — кейбір жолаушылар басы айналғанына шағымданып жатыр.
Астана әуежайы баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне берген түсініктемесіне сәйкес, 2025 жылғы 13 желтоқсанда Астанадан Фукуокқа бағыт алған Vietjet әуе компаниясына тиесілі VJ64 рейсінің кешігуі ұшақтағы техникалық ақауға байланысты болған. Мәселені шешу үшін қосымша уақыт қажет болды, дейді әуежай өкілдері.
Олар сондай-ақ ұшақ қонғаннан кейін, әуе кемесі командирінің өтініші бойынша жолаушылардың бірінің денсаулығы нашарлауына байланысты трап қайта орнатылғанын мәлімдеді.
Медициналық себептерге байланысты жолаушы мен оны бірге алып жүрген адам рейстен шығарылды.
"Барлық қажетті жұмыс белгіленген авиациялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, жүргізілді. Рейсті орындауға қатысты шешімдерді әуе кемесінің командирі қабылдады", — деп қосты әуежай өкілдері.
Эксклюзив
- Бишімбаевтың анасы 1 миллион долларды қайдан алғанын түсіндіріп, сотқа көк чемодан ала келді
- Доллар – 540 теңге: Ұлттық банк ел бюджетіндегі валюта бағамына қатысты түсініктеме берді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз