Солтүстік Қазақстан облысы, Қарашілік ауданында малын іздеуге шыққан ауыл тұрғынының көлігі бұзылып, айдалада жалғыз қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД-ның хабарлауынша, ауыл тұрғыны мал іздеуге жеке көлікпен шығып, 12 сағаттан астам байланыссыз болған, сол себепті туған-туыстары дабыл қаққан.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары мен ПД қызметкерлері кірісті. Тәуліктің қараңғы уақыты мен бағдарды жоғалту оңай болатын ұзақ дала учаскелері кедергі келтірді.
"Таңертең іздеу тобы Қарашілік ауылынан 15 шақырым жерде ер адамды тапты. Көліктің бұзылуына, байланыстың болмауына байланысты ол таң атқанша суықта отыруға мәжбүр болған. Оған медициналық көмек қажет болмады", деп хабарлады төтеншеліктер 2025 жылы 14 жклтоқсанда.
Табылған ауыл тұрғыны құтқарушылар мен полиция қызметкерлеріне шынайы алғыс білдірді.
Бұған дейін Алматы облысында тау басына шығып алған екі турист қиын жағдайға тап болғанын жазғанбыз.