Бокстан Қазақстан құрамасының өкілі Оразбек Асылқұлов IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Бұл ел қоржынына түскен екінші алтын медаль болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық боксшы финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен жұдырықтасты. Бірінші раундта төрешілер Оразбектің басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдетпеді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.

Енді ел құрамасынан Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ресейлік Сергей Колденков, Сабыржан Аққалықов (75 келі) ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, бұған дейін Сәкен Бибосынов екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз