БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын таратуға арналған интернет-дүкенді ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады. 28 жастағы шетел азаматы жалға алынған коттеджде қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Жеке тінту кезінде одан ашық қоңыр түсті ұнтақ зат салынған екі орама табылып, тәркіленді. Сонымен қатар коттеджді тінту барысында осындай зат салынған ZIP-пакет, iPhone 11 телефоны және синтетикалық есірткі таратуға пайдаланылған болуы мүмкін материалдары бар Acer ноутбук табылды.

"Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 2,62 грамм мефедрон екенін анықтады", — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.