Ұлттық банктің ресми бағамы – 520,02 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,16 теңгеге қымбаттап, 522,38 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 520,02 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 522,66 теңгеден сатып алынады, 524,80 теңгеден сатылады. Еуро 606,18 – 617,11 теңге, ал рубль 6,49 – 6,61 теңге аралығында саудаланады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 519,50 теңгеден сатып алынады, 526,50 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 608,54 теңге, сату — 618,54 теңге. Рубль 6,45 — 6,60 теңге аралығында саудаланып жатыр.