БҚО-да көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шығып, газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлайды БҚО ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, БҚО ТЖД 112 пультіне Орал қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балкон терезесінен қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімдері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтаған.
Өртті сөндіру газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан қиындаған. Жарылыс салдарынан терезе рамасы мен балкон шынысы сынған.
"Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, көршілердің айтуынша, аталмыш пәтерде ешкім тұрмайды.
Құтқарушылар жүргізген дер кезінде эвакуацияның арқасында үй тұрғындары ауыр зардаптардан аман қалды", — делінген хабарламада.
Өрт толықтай 10 м² аумақта сөндірілген.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 23 қызметкер және 6 техника жұмылдырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті (@112batys)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз