Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға кей өңірлерде әкімдік жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік төлем береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылымның хабарлауынша, Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау облыстарында – 220 мың теңге, сондай-ақ Ақмола облысы мен бас қалада да осындай сома берілмек.
Алматы қаласында – 250 мың теңге берілу көзделіп отыр, ал Қарағанды облысы 400 мың теңге бермек.
Басылым мәліметінше, бұл төлемдерді алу үшін азаматтардың оқиғаға қатысқанын дәлелдейтін ресми құжаты болуы керек.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз