Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарды бақылаудың жаңа талабы енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитеті қандай өзгерістер болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Бұған дейін тек аударымдар саны ескерілетін — қатарынан 3 ай ішінде әртүрлі адамдардан 100 және одан көп аударым.

Енді тағы бір шарт қосылады:

  • осы 3 айдағы жалпы түсім көлемі 12 ең төменгі жалақыдан асуы керек (1 020 000 теңге).
  • Қай кезде кәсіпкерлік қызметтің белгісі туындайды

Егер сіздің жеке аккаунтыңызға (бизнеске арналмаған):

  • 3 ай қатарынан 100 әртүрлі адамнан ақша түссе
  • және жалпы сомасы 12 ЕТЖ-дан асып кетсе

Онда мұндай операциялар кәсіпкерлік табыстың белгісі бар деп есептеледі.