Синоптиктердің болжамы белгілі болды.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)
Батыста кей жерлерде қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыс, батыс бағыттан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 3-17° аяз аралығында, күндіз 3° аяздан 3° жылыға дейін өзгереді. Орал мен Ақтауда таңертең қар жауып, көктайғақ байқалады, Атырауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Солтүстік және орталық өңірлер (Астана, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау)
Бұл өңірлерде аяз күшейеді. Кей облыстарда (Қостанай, СҚО, Павлодар) тұман, көктайғақ пен бұрқасын байқалады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-30° аяз болады. Күндіз -6-18°. Астанада күндіз аздап қар жауады, Петропавл мен Қостанайда жауын-шашынсыз, бірақ қатты аяз сақталады.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Иран әл-Фараби мұрасына арналған тарихи-мәдени кешенді бірлесіп салады
Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай облысы)
Шығыста аяз өте күшті болады: түнде 22-30° аяз, кей жерлерде -33° дейін. Күндіз 5-18° аяз. Кей аймақтарда түнде және күндіз бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Өскемен мен Семейде жауын-шашынсыз болады.
Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл)
Оңтүстікте жауын-шашын көбіне оңтүстік және таулы аудандарда байқалады: қар, жаңбыр, көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел 9-20 м/с, таулы аймақтарда күшейеді. Ауа температурасы түнде 1-12° аяз, күндіз 3-12° жылы, таулы аудандарда 0-10° аяз. Алматы мен Талдықорғанда жауын-шашынсыз, ал Шымкент пен Түркістанда күндіз жаңбыр мен қар аралас жауады.