Жамбыл облысында күн райының күрт бұзылуына байланысты «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының Қордай ауданындағы бөлігі жабылды. Қазір күре жол бойында шамамен 700-ге жуық автокөлік кептеліп тұр.

Полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, 60-тан астам қызметкер жолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті. Құтқарушылар қар құрсауында қалған 35 жеңіл және жеті жүк көлігін шығарды. Тәртіп сақшылары жолға шықпауды қатаң ескертіп жатыр. Жауаптылар боран басылса, бірден жол ашылатынын мәлімдеді.

Кемпірбек Шыңғысхан, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:

- Құрметті Жамбыл облысының тұрғндары мен қонақтары! Қазіргі таңда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Жамбыл облысының кейбір өңірлерінде жол жабық. Жолдағы сақтық шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Өз қауіпсіздігіңіз бен жақындарыңыздың амандығы үшін жолда жауапкершілікпен жүрейік.