Дубайда IBA ұйымы өткізетін бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр. 92 келіден жоғары салмақта қазақстандық Нұрлан Сапарбай ширек финалда армениялық боксшы Давид Чолоянмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші раундта отандасымыз 0:5 есебімен ұтылды. Армениялық спортшы басымдыққа ие болды.
Екінші раундта Чолоян бұл басымдықты одан әрі арттырды, төрешілер раундты оған 4:1 есебімен берді.
Үшінші раундта да жекпе-жек барысы өзгерген жоқ. Армениялық боксшы бақылауды сақтап, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Армения өкілі әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.