Екі бала реанимацияда.
Алматы-2 теміржол вокзалында 52 адам белгісіз иістен уланып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Оқиға орнына жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.
"Барлығы 52 адам зардап шекті. Дәрігерлер тексергеннен кейін 10 бала ауруханаға жатқызылды. Екі бала реанимация бөлімінде жатыр, қалғандары профильді бөлімшелерге орналастырылды. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында", – делінген басқарма мәлімдемесінде.
Қалған азаматтар қажетті алғашқы көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жүреді
ҚТЖ өкілдерінің айтуынша, адамдар уланып қалған вагондар "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға тиесілі емес. Вагондарды жеке компания киностудияға түсірілім жасау үшін пайдалануға берген.
Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.