"102" пультіне автокөліктің ішінен бағалы мүлік ұрланғаны туралы хабарлама түскеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталып, ұсталды.


Тексеру нәтижесінде оның бірқатар қылмысты жүйелі түрде жасағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта оның сегіз қылмыстық эпизодқа қатысы бары расталып отыр. Полиция мұндай құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде анықтап, жолын кесуді жалғастырады.

Әрбір іс заң аясында соңына дейін жеткізіледі. Күдікті қамауға алынып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.