Бүгін, 2025 жылғы 11 желтоқсанда, Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Иран Президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі салтанатты рәсімнің қалай өткенін көрсетті.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізілетіні белгілі болды. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Иран арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылады.