Қарағанды облысында теміржол жұмысшыларының қаза болуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

"Шу станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", — деді Көліктегі полиция департаменті өкілдері.

Еске сала кетейік, оқыс оқиға 10 желтоқсан сағат 17:15-те Мойынты-Шығанақ учаскесінде болды.

Темір жолда жоспарға сай жұмыстарды атқарып жатқан төрт жұмысшыны жүк пойызы басып кетті.

"Барлық қажетті шара қолданылғанымен, жазатайым оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Төрт жұмысшы жарақаттан қаза тапты", — делінген ҚТЖ хабарламасында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз