Сот оған алкоголь ішуге толық тыйым салды.


Ақмола облысында дәрігерге балағат сөз айтқан ер адамға жаза тағайындалды, деп хабарлады өңірлік соттың баспасөз қызметі.

Оқиға аудандық аурухананың дәлізінде болған. Ер адам мас күйінде өзге науқастар мен балалардың көзінше айғайлап, дөрекі сөздер айтқан.

"Хирург оған ескерту жасаған. Бірақ ер адам дәрігерге бағыттап балағат сөз айтып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған", – деді сотта.

Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындауы және тұрақты жұмысының болмауы ескерілген, ал ауырлататын мән-жай – мас күйде болуы болды.


Оқи отырыңыз: Оралда тұрғындар жылу үшін 3,4 млн теңге артық төлеген


Сот ер адамды 5 тәулікке қамауға алып, оған алкоголь тұтынуға толық тыйым салды.