Жазғы Азия ойындары 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтеді.


Үстел теннисінен қазақстандық төреші, ең жоғары халықаралық санаттағы маман Тимур Ходжаев 2026 жылы Жапонияда өтетін Азия ойындарында төрелік етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үстел теннисінен төрешілер құрамына халықаралық санаттағы Blue Badge төрешісі, қазақстандық маман Тимур Ходжаев (Қарағанды) енгізілді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық төреші Азия чемпионаты мен басқа да ірі халықаралық жарыстарда қызмет атқарған болатын.