Аталған мемлекет балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салып отыр.
Ел билігі жер-жаһандағы ең ірі 10 платформаға бүгіннен бастап 16 жасқа дейінгі балаларының кіруін бұғаттау міндетін қойған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тыйым салынған әлеуметтік желіге TikTok, Facebook, Instagram, X, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads жатады. Олар 16 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын өз еркімен өшіруі тиіс. Бұл талап орындалмаса, жаңа заңмен 33 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынбақ.
Бұл тыйымды өзге елдер де қатаң назарда ұстауда. Олар да әлеуметтік желілердің балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне кері әсер ететінін айтып, дабыл қағып келеді. Олардың қатарында Малайзия, Дания және Норвегия бар. Аталған елдер де осындай шектеулер енгізуге ниетті.
Еске салайық, елімізде де 16 жасқа толмағандарды онлайн-платформаларға тіркеуге тыйым салатын заң жобасы әзірленген болатын. Мұндай бастама "Онлайн-платформалар және массмедиа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған. Құжатты Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген еді.