Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 9 желтоқсанда "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech "электрондық үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.
Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды Президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.