Балықтың 50 түрі әлемнің 21 еліне жөнелтіледі.


ҚР АШМ Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов атап өткендей, 72 кәсіпорынның 20-сы ЕО елдеріне балық өнімдерін экспорттай алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы алғанда, 2025 жылдың 10 айында балық өңдеу кәсіпорындары ысталған, қақталған және мұздатылған балық түрінде 45 мың тоннаға жуық дайын өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 мың тоннаға артық", – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өңделген өнім көлемін ұлғайту үшін балық өңдеумен айналысатын субъектілер үшін ҚҚС-ты 70%-ға төмендету, қайта өңдеушілер үшін айналым қаражатын толықтыруға 5%-ға жеңілдікпен несие беру қарастырылған. Ал өндірістік қуаттарды жүктеу мақсатында өңделмеген балықты (көксерке және жайын) экспорттауға жарты жылға тыйым салынды.