Үкімет 2025 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Регламент жаңа тармақпен толықтырылды.

Онда былай делінген:

Мемлекеттік органдарға жаңа функциялар беру, сондай-ақ оларды өзгерту, толықтыру немесе алып тастау көзделетін жобалар мемлекеттік органдар функцияларының тізілімін пайдалана отырып, "Мемлекеттік жоспарлау (бюджеттік жоспарлау)" ақпараттық жүйесінде талдау жүргізілгеннен кейін әзірленеді.

Қаулы 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.