БҚО бойынша тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторында режим бөлімі қызметкерлері азық-түлік сәлемдемелерін тексеру барысында үйден әкелінген бәліштің ішіне жасырылған, ерекше иісі бар жасыл түсті затты анықтап, тәркіледі.

Азаматтық тұлға аталған затты азық-түлікпен бірге тергеу қамауындағы адамға өткізубек болған.

Бұл факт жаппай бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелді.

"Қазіргі уақытта тыйым салынған затты ҚАЖД мекемесіне өткізуге талпынған азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды", — деп хабарлады полиция.