Қазақстандық СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін өткен баспасөз мәслихаты кезінде министрліктегі қызметінен кететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Айбек Смадияров 9 желтоқсанда бұқаралық ақпарат өкілдері жиналған баспасөз мәслихаты кезінде СІМ ресми өкілі қызметінен кететінін хабарлады. Ол бұл шешімді қабылдар алдында біраз ойланғанын жеткізді.
"Бұл күнге дайындалдым, бірақ бәрібір дайын емеспін. Осы мінбердің басына шығып, жаңалық таратып отырғаныма 8 жыл болыпты. Біраз жылдан бері бірге жұмыс істедік. Әрине, әр брифинг алдында толқимын. Оңай сұрақ, оңай брифинг болған жоқ. Сіздерге көп рақмет, сіздермен бірге өзім де шыңдалдым. Журналистерге көбісі тіл тигізсе де, сіздер үздіксіздер. Сіздермен етене қызмет атқарғаныма қуаныштымын. Нөмірім сол қалпы, келесіде енді брифингте емес, мейрамханада кофе ішуге кездесіп қалармыз", — деді ол журналистерге.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз