2026 жылғы 1 қаңтардан бастап паспорт, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі сияқты құжаттарды рәсімдеу құны өседі.

Бағаның көтерілуі АЕК мөлшерінің 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге ұлғаюымен байланысты. Бұл көрсеткіш жаңа бюджет туралы заңда бекітілген.

Жаңа тарифтер:

  • Балаларға арналған 24 беттік паспорт – 17 300 тг (2025 ж. – 15 728 тг)

  • 36 беттік паспорт – 34 600 тг (2025 ж. – 31 456 тг)

  • Жеке куәлік – 865 тг (2025 ж. – 786 тг)

  • Жеке куәлікті екі реттен көп жоғалтқанда – 4 325 тг

  • Жүргізуші куәлігі – 5 406 тг

  • Туу туралы куәлікті қайта рәсімдеу – 2 163 тг

  • Неке қию туралы куәлік – 4 325 тг

  • Ажырасу туралы өтініш – 8 650 тг

Туу туралы куәлік бұрынғыдай тегін.

Сонымен қатар, кей санаттағы азаматтар құжаттарды тегін ала алады. Оларға мемлекеттік баждан босатылғандар, батырлар, жоғары награда иелері, көпбалалы аналар, ардагерлер, ерекше қажеттілігі бар азаматтар және мемлекет қамқорлығындағы немесе әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар жатады.