Елордада тіс емханасында көз жұмған үш жасар қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда. Бүгінгі отырыста прокурор анестезиологқа қатысты айыптау актісіне өзгеріс енгізуді шешті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ
Үш жасар қыз қайтыс болған жеке стоматологиялық клиниканың анестезиологы Аида Жұмағалиеваның ісі айыптау актісін жариялауға дейін жетіп қалды. Сотта барлық куәгерлерден, сарапшылар мен айыпталушының өзінен де жауап алынды.
Прокурор айыптау актісіне өзгеріс енгізетінін хабарлап, сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады.
"Құрметті судья, өтінішті жаңа форматта толтырып, әзірлеу үшін уақыт беруіңізді сұраймын. Айыптау актісінде кейбір мәліметтер дұрыс көрсетілмеген, сондықтан жаңа актіні дайындауға уақыт беруіңізді сұраймын", — деді прокурор Еркебұлан Шалқаров.
Судья айыптау тарабының өтінішін қанағаттандырып, отырысты 10 желтоқсанға белгіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз